Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында алтын және қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қозғалмалы нысанаға оқ атудан Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Ирназарова чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудан алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Фатима украиналық Виктория Рыбовалованы жеңді.
Ал қола жүлдені тағы бір қазақстандық Зухра Ирназарова иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде венгриялық Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиді жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript