Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде екі мәрте үздік ондыққа енді

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде екі мәрте үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 19:09 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данил Васильев екі мәрте үздік ондыққа енді. Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшы жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады.

Екінші сайыста ол бесінші нәтиже көрсетті.

Илья Мизерных кезеңді 27 және 28-орындарда аяқтады.

Жазғы Гран-придің келесі кезеңі 8-9 тамыз күндері Францияда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: