Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің финалына шықты

Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2026 10:16 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан W75 санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде әлемдік рейтингте 630-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 327-сатысындағы жапониялық Рина Сайгомен сынға түсті.

Қазақстандық теннисші екі сетке созылған матчта 6:1, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Соня Жиенбаева турнирдің финалына шығып, чемпиондық атақ үшін болгариялық теннисші Изабелла Шиниковамен (WTA рейтингінде 442-орын) кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: