Рыбакинаға WTA рейтингінде бірінші орынға шығуға таптырмас орай туды
Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан турнирде Арина Соболенконың жеңілісінен кейін онымен WTA рейтингіндегі алшақтығын қысқартуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Арина Соболенко Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жарысын 1/8 финалда аяқтады.
Sports.kz мәліметінше, әлемнің бірінші ракеткасы ресейлік Екатерина Александроваға есе жіберді. Осы жеңілістен кейін Рыбакина рейтингте Соболенкоға едәуір жақындауға мүмкіндік алды.
Егер Рыбакина Торонто турнирінде жеңіске жетсе, Соболенко мен оның арасындағы айырмашылық төрт ұпайға дейін қысқарады. Осылайша, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің бірінші орнына өте жақын қалады.
Қазіргі уақытта Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұр.
Бұған дейін Рыбакина Торонтодағы турнирдің ширек финалына жолдама алып, басты қарсыласын артта қалдырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript