Тарихи кездесу: Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кортқа шығады
Сурет: WTA
Торонтода өтетін National Bank Open турнирінің ширек финалы қарсаңында қазақстандық теннисші бұған дейін Осакамен тек бірге жаттығу өткізгенін айтты.
"Біз бірге жаттықтық, бірақ бұған дейін ресми матчта ойнаған емеспіз. Қызықты болғалы тұр. Мен үшін ең бастысы – өз ойыныма көңіл бөліп, күш салу. Оның матчтарын талдап көруге тырысамын. Жалпы, бар назарымды өзіме аударуғаным дұрыс деп санаймын", – деді Рыбакина.
Қазір Наоми Осака WTA рейтингінде 13-орында тұр. Ол әлемнің экс-бірінші ракеткасы және турнирлердегі ерекше әрі көзге түсетін киім үлгілерімен де танымал.
Сарапшылардың пікірінше, 28 жастағы жапон теннисшісі қазір өте тұрақты ойын көрсетіп жүр.
"Оған қоса, Торонтодағы корттар Наомидің қуатты ойын мәнеріне жақсы сәйкес келеді", – дейді мамандар.
Осака Канаданың "мыңдық" турниріндегі жолын бірде-бір сетте сүрінбей жалғастырып келеді. Ол Удвардиді (6:2, 6:4), Мертенсті (6:1, 6:2) және жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі Фернандесті (6:4, 6:4) жеңді.
"Торонтодағы канадалық "мыңдық" турнирінің ширек финалында теннис жанкүйерлерін "Үлкен дулыға" финалына лайықты кездесу күтіп тұр", – деп жарыс жанкүйерлері алдағы матчты асыға күтуде.
A Quarter-Final showdown you won't want to miss🌟
— National Bank Open (@NBOtoronto) August 10, 2026
Elena Rybakina and Naomi Osaka go head-to-head at Sobeys Stadium on August 11 in a battle for a spot in the semifinals🎾
Secure your seats now➡️https://t.co/vfbBJJoUvi pic.twitter.com/xjabhvuS3u
Рыбакина мен Осака арасындағы матч Қазақстан уақытымен шамамен сағат 19:00-де басталады.
Айта кетейік, бұл кездесудің жеңімпазы келесі кезеңде турнирдің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен немесе 12-орында тұрған Белинда Бенчичпен кездеседі.