Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды

Грек-рим күресі, Германия, Гран-при турнирі, Қазақстан, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 14:50 Сурет: olympic.kz
Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін), Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін), Диас Кален (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.

Бұған дейін әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ІІ-орын алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: