Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында атып кетті

Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында атып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2026 17:07 Сурет: pixabay
Бұрынғы әлем чемпионы Золани Тете Оңтүстік Африкада атыс салдарынан қаза тапты. Ол 38 жаста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Шығыс Кейп провинциясындағы Мданцане елді мекенінде болған. Тете үйіне көлігімен келе жатқан кезде, басқа көліктен бетперде киген екі ер адам түсіп, оған оқ атқан. Боксшы оқиға орнында көз жұмды, деп жазды The Guardian 22 тамызда.

Оның жанында болған 27 жастағы әйел де бірнеше оқ жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Шабуылдың себебі әзірше белгісіз. Құқық қорғау органдары оқиға куәгерлерінен көмек сұрады.

Тете кәсіпқой бокста 34 жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанған. 2014 жылы ол IBF белбеуін, ал 2017 жылы WBO титулын жеңіп алды.

Тете сондай-ақ титулдық жекпе-жектер тарихындағы ең жылдам нокауттардың бірін тіркеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2017 жылы ол отандасы Сибонисо Гоньяны небәрі 11 секундта нокаутқа түсірген.

Оңтүстік Африканың спорт министрі Гейтон Маккензидің айтуынша, кейінгі уақытта Тете жаттығып, рингке қайта оралуға дайындалып жүрген.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) оның отбасы мен достарына, жақындарына және бүкіл Оңтүстік Африканың бокс қауымдастығына көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: