Қазақстан құрамасы Silesian Open-2026 турнирінде 14 медаль жеңіп алды
Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстанның әйелдер арасындағы бокс құрамасы Польшада өткен Silesian Open-2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгі (U-17) және 19 жасқа дейінгі (U-19) екі жас санатында бақ сынап, 10 алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
U-17 санатында Нұрайым Құдайберген (52 кг), Балым Ғабитқызы (60 кг), Мадина Нұрманова (63 кг) және Аяулым Оспанова (70 кг) чемпион атанды.
Ал U-19 санатында Асылай Мұрат (48 кг), Мадина Жұмахан (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Камила Оспанова (70 кг), Алтынгүл Аймұхан (75 кг) және Зарина Толыбай (+80 кг) алтын медаль иеленді.
Күміс жүлдені Ақнұр Тұрсынғали (60 кг) мен Айдана Убайдуллақызы (80 кг) жеңіп алса, Марал Төлепберген (54 кг) және Рамина Маханова (57 кг) қола медальға қол жеткізді.
Silesian Open-2026 турниріне 18 елден 200 спортшы қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript