Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 19:44 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны – 3:0, үндістандық Каавья Саринді – 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді – 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді – 3:0, Ника Грегурецті – 3:0 және Петра Липовшчакты – 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: