"Арсенал" маусым басындағы үш ойында да гол жібермей жеңіске жетті
Сурет: Instagram/arsenal
2026 жылдың 31 тамызында лондондық клуб АПЛ-дің екінші турында сырт алаңда "Астон Вилланы" 1:0 есебімен жеңді.
Қонақтар сапындағы жалғыз жеңіс голын 59-минутта Букайо Сака соқты. Осылайша, Микель Артета шәкірттері қатарынан үш матчта жеңіске жетті.
Бұған дейін "Арсенал" футбол клубы Англия Суперкубогы үшін өткен кездесуде "Манчестер Ситиді" 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, кейін АПЛ-дің алғашқы турында "Ковентриден" 3:0 есебімен басым түскен еді.
Қазір лондондық команда Англия чемпионатындағы екі ойыннан кейін 6 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. "Арсеналдан" тек доп айырмасы бойынша "Манчестер Сити" жоғары орналасқан.
6 қыркүйекте АПЛ-дің үшінші турында "Арсенал" өз жерлесі "Челсиге" қарсы ойнайды. "Челси" де жаңа маусымда әзірге жеңіліс тапқан жоқ.
Айта кетейік, жақын арада қазақстандық қақпашы Стас Покатилов "Сабах" құрамында Лондонға ұшып барып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Арсеналға" қарсы матчқа қатысады.