Құзға өрмелеуден Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс 18-20 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан атынан додаға бес спортшы қатысады.
Ерлер арасындағы "жылдамдық" сайысында Әлихан Татамбай, Рашид Хайбуллин және Ришат Хайбуллин өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Арина Новицкая мен Анна Баларшина ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар эстафеталық сайыстарға да қатысады. Ерлер эстафетасында ел атынан Рашид Хайбуллин мен Ришат Хайбуллин шығады. Әйелдер эстафетасында Анна Баларшина мен Арина Новицкая өнер көрсетеді.
Ал аралас эстафетада Қазақстан құрамасының сапында Әлихан Татамбай мен Арина Новицкая бақ сынайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript