Собаленко US Open-нің жартылай финалына шықты

Собаленко US Open-2026 ширек финалында әлемнің алтыншы ракеткасын жеңуге шақ қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 13:26 Сурет: Instagram/wta
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Собаленко US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты. Оның қоржынында "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі төрт жеңісі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, ширек финалдық кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы рейтингте алтыншы орында тұрған чехиялық Линда Носковамен үш сетте ойнады.

Матч 2 сағат 22 минутқа созылып, Собаленконың 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңісімен аяқталды.

  • Беларусь теннисшісі 12 эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде төрт рет қателесті және тоғыз брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
  • Ал Носкова 18 рет эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ қарсыласының добын қайтарудағы алты мүмкіндіктің үшеуін пайдаланды.

Енді Собаленко жартылай финалда америкалық екі теннисшінің бірі – Джессика Пегула немесе Эмма Наварромен кездеседі.

Бұған дейін Рыбакинаның WTA маусымдық рейтингінде Собаленко мен Андрееваны басып озғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: