Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 12:10 Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстан әйелдер құрамасының шахматтан көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің сегізінші турында алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, FYERS American Gambits командасы сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шахматшы ресейлік Полина Шуваловамен кездесіп, алғашқы ойындағы 0:3 есебімен жеңілісінің қарымтасын қайтарды.

Асаубаева Ganges Grandmasters командасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы деп те танылды. Қазір Бибісараның еншісінде бір жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар. Сегіз турдан кейін FYERS American Gambits командасы турнир кестесінде екінші орында тұр.

Жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды (454 млн теңге) құрайтын Global Chess League-2026 турнирі Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін Асаубаеваның Үндістандағы Global Chess League турнирінің алты турының ешқайсысында жеңіске жете алмағанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: