"Барыстың" бұрынғы қорғаушысы мансабын "Юграда" жалғастырады
Сурет: hcbarys.kz
"Югра" хоккей клубы құрамын жаңа ойыншымен толықтырды. Сырт алаңдағы ойындар сериясы барысында командаға қорғаушы Илья Хохлов қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Хохлов ҚХЛ-дағы дебютін 2014/15 маусымында жасаған. Мансабында лигада 496 матч өткізіп, 127 ұпай жинаған: 37 шайба соғып, 90 нәтижелі пас берген.
Қорғаушы бұған дейін "Сочи", "Торпедо", "Барыс", "Сибирь", "Нефтехимик", "Металлург", "Авангард" және "Северсталь" командаларының намысын қорғаған.
Айта кетейік, Хохлов астаналық "Барыс" сапында бір маусым – 2024/2025 жылдары өнер көрсетті. Ол клубқа 2024 жылдың қазан айында ауысып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында команда құрамында 55 матч өткізіп, жеті нәтижелі паспен көзге түсті.
Хохлов соңғы рет ВХЛ-да 2016/17 маусымында "Ижсталь" сапында ойнаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript