Мәнерлеп сырғанаудан Грузиядағы Гран-при кезеңі: Қазақстан атынан қай спортшылар қатысады
Сурет: olympic.kz
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Батумиде (Грузия) өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы жекелей сырғанауда және мұздағы биде сынға түседі.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Артур Смагулов өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Мария Санникова бақ сынайды.
Ал мұздағы би бағдарламасында Ева Шелаева мен Иван Соловьев ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 24-26 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript