Азиада-2026: Қазақстан волейболдан ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі

Азиада-2026: Қазақстан волейболдан ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 13:02 Сурет: olympic.kz
Аичи және Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға шығу үшін Қазақстан құрамасы D тобында бірінші орын алған Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Қазақстан құрамасы В тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Турнирдегі алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын 3:1 есебімен жеңсе, кейін Қытайға 0:3 есебімен жол берді.

Оңтүстік Корея құрамасы топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады. Олар Гонконг пен Қатарды 3:0 есебімен жеңіп, Вьетнамды 3:1 есебімен ұтты.

Қазақстан – Оңтүстік Корея арасындағы ширек финалдық матч 20 қыркүйекте өтеді. Ойын Астана уақытымен 12:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: