Ямаль 19 жасында Винисиустың рекордын жаңартты
Сурет: Instagram/lamineyamal
Oxu.Az басылымы Opta деректеріне сілтеме жасап жазғандай, 19 жастағы ойыншы екі нәтижелі пас берді. Осылайша, ол барлық турнирде өз командасы сапында жасаған нәтижелі пастарының санын 159 матчта 51-ге жеткізді. Ямаль өзінің мерейтойлық 50-ші нәтижелі пасын 19 жас 68 күнінде жасаған.
Бұл көрсеткіш оны кем дегенде 2013/14 маусымынан бері (статистика жүргізіле бастаған уақыттан) Ла Лигада мұндай межеге жеткен ең жас ойыншы етті.
Бұған дейінгі рекорд "Реалдың" бразилиялық ойыншысы Винисиус Жуниорға тиесілі болған. Ол 2023 жылдың мамырында 22 жас 298 күнінде мадридтік клуб сапындағы 50-ші нәтижелі пасын берген.
Ямальдың еншісінде 51 нәтижелі пастан бөлек, "Барселона" сапында барлық турнирде соққан 57 голы бар.
Бұған дейін Криштиану Роналдудың қаңтар айында "Аль-Насрдан" кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.