Асу Алмабаев UFC чемпионымен жекпе-жекке үміткерлер қатарында

Қазақстандық файтер Джошуа Ванмен жекпе-жек өткізуге үміткерлердің үштігіне енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 12:46 Сурет: Instagram/asu_zulfikar57
UFC-тің Instagram желісіндегі ресми аккаунты жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион, Мьянма өкілі Джошуа Ванмен жекпе-жек өткізуге негізгі үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, бұл тізімде қазақстандық файтер Асу Алмабаев үшінші орынға жайғасты.

Асу Алмабаевтың чемпионмен жекпе-жек өткізу ықтималдығы 7% деп бағаланған.

Ал чемпионмен кездесуге басты үміткер – тегі португалиялық, шыққан жері Ангола спортшы Манель Капе. Оның жекпе-жек өткізу мүмкіндігі 83% деп көрсетілген.

Тізімде одан кейін 11% көрсеткішпен америкалық файтер Брэндон Ройвал тұр.

20 қыркүйекте Джошуа Ван UFC 331 турнирінде бразилиялық Алешандре Пантожумен реванш өткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Қазақстандық Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды жеңді. Дивизионның жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бесінші орында тұр.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшының Азия ойындарында ММА-дан тарихтаалғаш рет қола медаль иеленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: