Асу Алмабаев UFC чемпионымен жекпе-жекке үміткерлер қатарында
Сурет: Instagram/asu_zulfikar57
Sportarena.kz мәліметінше, бұл тізімде қазақстандық файтер Асу Алмабаев үшінші орынға жайғасты.
Асу Алмабаевтың чемпионмен жекпе-жек өткізу ықтималдығы 7% деп бағаланған.
Ал чемпионмен кездесуге басты үміткер – тегі португалиялық, шыққан жері Ангола спортшы Манель Капе. Оның жекпе-жек өткізу мүмкіндігі 83% деп көрсетілген.
Тізімде одан кейін 11% көрсеткішпен америкалық файтер Брэндон Ройвал тұр.
20 қыркүйекте Джошуа Ван UFC 331 турнирінде бразилиялық Алешандре Пантожумен реванш өткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Қазақстандық Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды жеңді. Дивизионның жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бесінші орында тұр.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшының Азия ойындарында ММА-дан тарихтаалғаш рет қола медаль иеленгені хабарланған болатын.