Азиада-2026: Ушудан қола жүлдегер атанған отандасымыз ертең басқа салмақта "алтынға" таласады

Әлижан Аблағатов, Жапония, ушу, қола медаль, алтын медаль, Азия ойындары, 2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 17:15 Сурет: Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.

Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде де жартылай финалға өткен Абдурашид Абдуллаев Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, "алтынға" таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: