Азияда-2026: Қазақстан қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты

Семсерлесуші, Кирилл Проходов, Жапония, Азия ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 19:42 Сурет: olympic.kz/Владислав Семенов
Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Коки Кано - шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.

Осылайша6 Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медальді салды.

Бұған дейін Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден Қазақстан өкілдері 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: