Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды

Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 20:43 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Назым Қызайбай Азиада өнер көрсетуін аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: