Азиада-2026: Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова әртістік жүзуден қола медаль еншіледі

Әртістік жүзу, Жапония, Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Азиада, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2026 09:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Алтын медальді 322,8468 ұпай жинаған Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйян жеңіп алды. Күміс жүлде 291,7134 ұпаймен жапониялық Моэ Хига мен Томока Сатоға бұйырды.

Қазақстандықтар екінші орын алған жапониялық жұптан 5,6308 ұпайға қалып қойды.

Бұған дейін жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында алтын медаль иеленгенін жазғанбыз. Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: