Азиада-2026: Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола жүлдегер атанды

Ерлан Тасмағамбетов, Жапония, Азия ойындары, батуттағы гимнастика, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2026 10:20 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.

Ал әйелдер арасында жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында алтын медаль иеленгенін жазғанбыз. Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: