Қазақстандық қос жеңіл атлет Азия ойындарының үздік ондығына енді

Жеңіл атлетика, Жапония, Азия ойындары, Қазақстан, Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 19:24 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлеттер Нора Джеруто мен Дэйзи Джепкемей Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз әйелдер арасында 5000 метрге жүгіруден ел намысын қорғады.

Нәтижесінде Нора Джеруто қашықтықты 15:18.21 уақытта бағындырып, бесінші орынға ие болды. Ал Дэйзи Джепкемей 15:37.89 уақыт нәтижесімен жетінші орын алды.

Яви Винфред (Бахрейн) жарыста топ жарды - 15:10.18. Күміс медаль Нодзоми Танакаға (Жапония) бұйырды - 15:11.65. Үндістандық Парул Чаудхари үшінші орын алды - 15:14.61.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс медаль алған еді.

Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: