Путинцева Азиада-2026 жартылай финалына жолдама алды
Сурет: instagram/yulia_putintseva
Әлемнің 82-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz жазуынша, ширек финалда Путинцева рейтингте 90-орында тұрған тайландтық Мананчайя Саванкаеваны 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Теннисшілер кортта 1 сағат 14 минут өткізді. Қазақстандық спортшы алғашқы доп беруден кейінгі ұпайлардың 73%-ын, екінші доп беруден кейінгі ұпайлардың 50%-ын және қабылдау кезінде 60% ұпай жинады. Юлия сегіз брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал тайландтық теннисші брейк жасауға берілген жалғыз мүмкіндігін жүзеге асырды. Сондай-ақ Путинцева бір қос қателік жіберсе, оның қарсыласы үш рет қателесті.
Финалға шығу үшін Юлия Путинцева Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездеседі. Ол бұған дейін жапониялық Химэно Сакацумэні 6:4, 6:3 есебімен жеңген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript