Азиада-2026: дзюдошы Әділет Алмат күміс жүлде иеленді

Азиада-2026: дзюдошы Әділет Алмат күміс жүлде иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 17:54 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Сотаро Фудзиварамен күресті. Нәтижесінде жапониялық балуан жеңіске жетті.

Ал Әділет Алмат дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші күміс медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Елдос Сметов (60 келіге дейін) күміс алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: