Александр Бублик Бейжіңдегі ATP 500 турнирінен шығып қалды
Сурет: instagram/bublik
Sportarena.kz басылымының мәліметінше, алғашқы матчта ол әлемнің 14-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.
Матч 1 сағат 37 минутқа созылып, чехиялық теннисшінің пайдасына 6:4, 7:6 есебімен аяқталды. Бұл спортшылардың төртінші кездесуі болды.
Бұған дейінгі үш матчтың екеуінде Меншик қазақстандық теннисшіден басым түскен.
Жарыстың екінші айналымында чехиялық спортшы аргентиналық теннисші Франсиско Серундоломен кездеседі.
Ал турнирдің қазіргі чемпионы Янник Синнер биылғы жарысқа қатыспайды. Италиялық теннисші тізесіндегі жарақатына байланысты турнирден тыс қалды.
Ал әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдағы "Мастерс" турнирінің алғашқы айналымында қазіргі таңда WTA рейтингінде 118-орында тұрған армениялық Алина Чараевамен кездеседі.