U23 әлем чемпионаты: АҚШ-та өнер көрсетіп жатқан отандық балуан "алтынға" таласатын болды

Еркін күрес, АҚШ, U23, әлем чемпионаты, Мерей Базарбаев, балуан, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 17:04 Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.

Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.

Бұған дейін хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: