Telegram дұрыс жұмыс істемей тұр

Telegram, ақау, 27 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 19:31 Сурет: unsplash
Telegram мессенджерінің жұмысында ауқымды сипатта ақау орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы онлайн-сервистердің жұмысындағы ақаулар туралы пайдаланушылардың хабарламаларын қадағалайтын Downdetector порталы хабарлайды.

Соңғы 1 сағат ішінде мессенджердегі проблемалар туралы мыңнан астам адам хабарлама жолдаған. Шағымдар түрлі елдерден, соның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Хорватия, Франция, Италия, Нидерланд, Жапония және Индонезиядан келіп түскен.

Мессенджерді қолданушылар сервис жұмысында әртүрлі ақауларға тап болған. Атап айтқанда, бірі қосымшаның істен шыққанын айтса, тағы біреулер хабарламалардың кешігіп жатқанын еемесе мүлдем келмегеніне шағымданға, сондай-ақ жеке аккаунттарға кіруде қиындықтар туындаған.

Ақаулар туралы хабарлама әлемнің бірнеше өңірінен келіп түскен, бұл оның географиялық тұрғыдан кең ауқымды сипатқа ие екенін көрсетеді.

Бұған дейін "Яндекс" сервисінің жұмысында жаппай ақау орын алғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: