Қазақстандағы Telegram ақауына министрлік пен "Қазақтелеком" түсініктеме берді
Фото: pexels
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен "Қазақтелеком" АҚ Қазақстандағы Telegram мессенджерінің жұмысында болған ақауға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қазір Telegram мессенджерінің қолжетімсіз болуына байланысты пайдаланушылардан жекелеген өтініштер түсіп жатыр.
"Техникалық мамандар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр", – делінген ведомство түсініктемесінде.
"Қазақтелеком" АҚ Telegram қызметіне қолжетімділіктің шектеліп, төмендегенін растады.
"Мониторинг деректеріне сәйкес, Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытындағы трафик көлемінің күрт төмендегені байқалды. "Қазақтелеком" АҚ-ның жауапкершілік аймағында апаттар, техникалық ақаулар немесе инфрақұрылым жұмысындағы ішкі іркілістер тіркелген жоқ. Оператор желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", – делінген компания түсініктемесінде.
Жағдайдың себебін анықтау үшін компания Telegram мессенджерінің әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдады.
"Telegram өкілдерінен жауап алынғаннан кейін қосымша ақпарат бірден беріледі", – деп қорытындылады компания.
13 тамызда күндіз Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындары Telegram жұмысының бұзылғанына шағымдана бастады. Алғашында ақау Астана қаласында, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Кейін Алматы тұрғындарынан да шағымдар түсе бастады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript