Алакөлге демалуға баратын азаматтарға жақсы болатын болды

Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды.
"Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны - 20 мың теңге", делінген хабарламада.
Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.
Бұған дейін Семей – Астана – Семей бағытында жаңа әуе рейсі ашылғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript