Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР ҚМ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 19:32 Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Шыңғыс Әнуарбековты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнуарбеков Шыңғыс Әлібекұлы 1979 жылы туған.

Білімі:

Білімі бойынша – қаржыгер, заңгер. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

Еңбек өтілі:

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті жергілікті салықтар бөлімінің маманы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

  • 1998 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы наурызға дейін салық органдарында салық инспекторынан бастап аудандық салық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

  • 2014 жылғы наурыздан Алматы қаласы бойынша Салық департаменті, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

  • 2015 жылғы шілдеден 2019 жылғы мамырға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы.

  • 2019 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

  • ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №621-ж/қ бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: