Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет экономикалық дамудың үш ықтимал сценариін жариялады

Әлібек Қуантыров, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 10:51 Сурет: primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш ықтимал сценарийін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық экономика министрі бұл болжам 2021 жылғы экономикалық өсім туралы қорытынды мәліметтерді, халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуіне және экспорттық тауарлар бағасына қатысты пікірін ескере отырып жасалғанын айтты.

Осылайша МФО консенсус болжамы бойынша 2022 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне $104,2 деңгейінде болады деп болжанды. 2023 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3% болады.

Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған үш сценариі әзірленді.

Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне $85 және доллардың болжамды бағамы 470 теңгені пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%, оның ішінде 2023 жылы 4% болады.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Оптимистік сценарий бойынша мұнайдың болжамды бағасы барреліне $110, доллар бағамы 440 теңге болып белгіленді. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2% деңгейінде болжанып отыр.

Пессимистік сценарий мұнай бағасы барреліне 60 долларды болжайды. ЖІӨ-нің болжамды нақты өсімі орта есеппен 3,5% болады.Әлібек Қуантыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: