Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 2027 жылға дейінгі инфляция болжамы жарияланды

инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 11:20 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2027 жылға дейінгі инфляция болжамын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылы инфляция барлық сценарий бойынша 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Бюджетті жоспарлаудың негізі ретінде ЖІӨ нақты өсімі 2023 жылғы 4%-дан 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдетілетін базалық сценарийді пайдалану ұсынылды.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, экономиканың барлық базалық секторында оң өсім болжанды. Осылайша өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 3,1%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 3,5%, тау-кен өнеркәсібінде 2,9% болады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің орташа жылдық өсімі 3,9%-ға жетеді.

Құрылыс саласының болжамды өсімі орта есеппен 3,8%, сауда 5,7% деңгейінде болады.

Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 миллион тонна болса, 2027 жылы 99,9 миллион тоннаға дейін өседі. Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 80,9 миллиард доллардан 84,6 миллиард долларға, импорт 45,7 миллиард доллардан 53,5 миллиард долларға дейін өседі, - деп нақтылады Әлібек Қуантыров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: