Қостанай облысының әкімі төрт баланы құтқарған оқушыны марапаттайтынын айтты

Марапат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2021 16:40 Сурет: pxhere
Қостанай қаласындағы "Садовод" саяжай қоғамының аумағында 25 желтоқсанда өрт болды. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осы ерлігі үшін 5 сынып оқушысын жекелей алғыс айтып, грамота мен бағалы сыйлықтар тапсыру үшін өз қабылдауына шақырды.

Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды.

Сондай-ақ, өңір басшысы осындай батыл және нағыз адал азаматты тәрбиелеген ата-анасына ризашылық білдірді.

Төтеншеліктерге өрт туралы қоңырау 25 желтоқсан күні таңертең келіп түсті. №22 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Олег Пирог осы кезде көшеде ойнап жүрген. Ол қалың түтінді байқап, бұл үйде үлкен отбасы тұратынын жақсы білгендіктен өрт сөндірушілердің келуін күтпестен терезеден үйдің ішіне қойып кетіп, ондағы барлық балаларды құтқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: