Украинадағы жағдай: БРИКС саммиті, Еуропарламент қарары және астық тасымалы мәселесі

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 22:39 Сурет: Instagram/europeanparliament
АҚШ-тың HIMARS зымыран жүйесі Украинаға келіп жетті, Молдова Парламенті елдегі төтенше жағдай режимін тағы 45 күнге ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Еуропарламент Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат мәртебесін беруді қолдау туралы қарарды қабылдады.

  • Чехия ресейліктер мен беларусь азаматтарына 2023 жылдың наурыз айының соңына дейін виза мен елде тұруға ықтиярхат бермейді.

  • Ұлыбритания Ресейге жаңа санкциялар енгізді, оған Ресей Федерациясында фунт стерлинг пен ЕО елдерінің банкноттарын экспорттауға және пайдалануға салынған тыйым да кіреді.

  • Ресейліктердің халықаралық турнирлерден шеттетілуіне байланысты 21 спорт федерациясы мен РФ Олимпиада комитеті соттарға шағым түсірді, деп хабарлады спорт министрінің орынбасары Федоров.

  • Аяқ-киім мен киім өндіруші Nike америкалық компаниясы Ресей нарығынан бүтіндей кетуге ниетті — Reuters.

  • Ұлыбритания мен Түркия астықты Украинадан алып шығу үшін бірлесе жұмыс істеуде, - деді Ұлыбритания СІМ басшысы Лиз Трасс.

  • Молдова Парламенті елдегі төтенше жағдай режимін тағы 45 күнге ұзартты.

  • Си Цзиньпин бастауында БҰҰ мен халықаралық құқық тұратын әлемдік тәртіпті қорғауға, қырғи-қабақ соғыс пен блоктардың теке-тіресінен бас тартуға шақырды. Бұл туралы ҚХР басшысы БРИКС саммитінде мәлімдеді.

  • БРИКС саммитінде Владимир Путин әлемдік экономикадағы дағдарыс бірқатар елдердің ойланбай жасаған эгоистік әрекеттерінен туындады деп мәлімдеді.

  • Microsoft Ресейдегі бизнесінің масштабын қысқартуды жалғастырады. Бұл туралы компания президенті Брэд Смит айтты.

  • АҚШ-тың HIMARS зымыран жүйесі Украинаға келіп жетті, деп жазды елдің Қорғаныс министрі Алексей Резников Twitter-де.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: