Киевке тағы 275 млн доллардың көмегі ұсынылады. Путин кезекті мобилизация жайлы сыбысты жоққа шығарды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 22:31 Сурет: zakon.kz
Украинаның жылу генерациясының жартысына жуығы атыс салдарынан бүлінген немесе жойылған, деп мәлімдеді Украина премьер-министрі Денис Шмыгал. Владимир Путин Ангела Меркельдің Минск келісімдері туралы мәлімдемесі көңілін қалдырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Украинаның жылу генерациясының жартысына жуығы атыс салдарынан бүлінген немесе жойылған, деп мәлімдеді Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгал.

  • Донецктегі атыс салдарынан экономика және сауда университетінің ғимараты бүлінген.

  • АҚШ Украинаға 275 миллион доллардың жаңа әскери көмек пакетін ұсынбақ.

  • Украина АҚШ-қа Ресей территориясын атқылау үшін америкалық қаруды қолданбауға уәде берді, деп хабарлады Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба. Ол мұның Қырымға қатысты жоқ екенін де ескерте кетті.

  • Ердоған Украина мен Ресей басшылары Владимир Зеленский мен Владимир Путинмен жаңа келіссөздер жүргізілетінін жариялады.

  • Қазір қосымша мобилизация туралы сөз қозғалып жатқан жоқ. Путин журналистердің осы сипаттағы сұрағына осылай жауап берді.

  • Путин Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельдің Минск келісімдері туралы мәлімдемесі күтпеген жерден жасалғанын айтты. Меркель келісімнің Украинаға Ресеймен соғысу үшін дайындалуға уақыт беру үшін жасалғанын мойындады. "Бұл көңілді қалдыру болады", – деді Путин Қырғызстанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

  • Ұлыбритания билігі санкция тізімін кеңейтті, оған Ресей қарулы күштері мен күштік құрылым ведомстволарының бес өкілі енді. Бұл туралы жұма күні Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта қамтылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: