Зеленский Пригожин мінген ұшақ апатына Киевтің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Сурет: РИА Новости/Виталий Шустров
Украина Президенті "Вагнер" әскери жалдамалы жасағының негізін қалаушы - Пригожин ұшағына қатысты трагедияға кімнің қатысы бар екенін барлығы айтпаса да түсініп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Владимир Зеленский "Вагнердің" негізін қалаушы Евгений Пригожин мінген ұшаққа қатысты оқиғаға Украинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біздің бұған түк қатысымыз жоқ. Оған кімнің қатысы бар екенін барлығы түсініп отыр", – деді Зеленский брифинг барысында Пригожин мінген ұшақ апатына қатысты берген түсініктемесінде.
23 тамызда Ресейде жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады. БАҚ хабарлағандай, Тверь облысында ұшақ апаты болған. Бизнес әуе кемесі "Вагнер" әскери жалдамалы жасағаның негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі екендігі, оның жолаушылар арасында болғаны туралы ақпарат лезде пайда болды. Түнге қарай оның опат болғаны расталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript