Жаңалықтар тізбегі
0

Түркия Нетаньяхуды Газа секторында геноцид жасады деп айыптап, халықаралық сотқа берді

Түркия, Нетаньяху, Газа секторы, геноцид, халықаралық сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 21:56 Сурет: pixabay
Түркия Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсы халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді. Оған Газа секторында геноцид жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елдің билік етуші Әділет және даму партиясының адвокаттары мәлімдеді.

"Бүгін Түркия Республикасы азаматтарының ар-ожданын таныта отырып, біз Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа XXI ғасырдың Гитлері - Израиль Премьер-министрі Нетаньяхуға қарсы талап-шағым түсірдік. Ол Газа секторындағы геноцид пен адамзатқа қарсы жасаған барлық қылмыстары үшін сот алдында жауап беруі тиіс", деп жазды адвокат Метин Кюлюнк Х әлеуметтік желісінде.

Ол талап-арыздың бірінші парағын жариялап, оны басқа екі адвокатпен бірге Түркияның Әділет министрлігіне тапсырғанын, ал бұл ведомство оны ары қарай Халықаралық қылмыстық сотқа жолдайтынын нақтылады.

Оның айтуынша, талап-арыз 23 беттен тұрады.

Палестинаның ХАМАС қозғалысының содырлары 2023 жылы 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар шекара маңындағы бірнеше елдімекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, өзгелерін де кепілге алды. Израильдің қорғаныс армиясы содырларды өз аумағынан тықсыра отырып, Газа секторына қатты соққы берді, оны қоршауға алды. Бірнеше ондаған жылдарға созылған палестиналықтар мен Израиль арасындағы қақтығыстың тағы бір шиеленісі осылайша қанды қырғынға ұласты. Кейіннен ЦАХАЛ Газа секторында жерүсті операциясын жүргізіп, ХАМАС-тың жерасты туннельдерін жойып жатқаны белгілі болды.

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты, 27,4 мыңнан астам адам зардап шекті.

Израиль армиясы ХАМАС содырлары тығылуы мүмкін Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алғаны хабарланды.

Кейінірек Израиль Қорғаныс министрі ХАМАС қозғалысы Израиль әскери күштерінің жердегі операциясы кезінде Газа секторындағы ықпалын жоғалтты деп мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: