Жаңалықтар тізбегі
0

Париж прокуратурасы Дуровтың ісі бойынша кейбір мәліметтерді жариялады

Павел Дуров, Франция прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 21:09 Сурет: Instagram/durov
Франция прокуратурасы жақында Парижде ұсталған Павел Дуровтың ісі бойынша кейбір мәліметтерді жариялады. Қазіргі уақытта кәсіпкер қамауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дуров 28 тамызға дейін қамауда болуы мүмкін, деп жазады РИА Новости Париж прокуратурасына сілтеме жасап.

Құзырлы ведомство Дуровқа қарсы іс 8 шілдеде қозғалғанын, ал оған 12 қылмыс бойынша айыптар тағылып отырғанын нақтылайды.

2024 жылы 24 тамызда Павел Дуров Францияда Ле Бурже әуежайында ұсталды. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз азаматтығына ие Дуров елде іздеуде жүрген адамдардың тізімінде болған. ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Парижде Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады. Ол Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауым білдіргісі келетінін айтты. Сондай-ақ Telegram командасы Дуровтың ұсталуы жайлы алғаш рет түсініктеме берді. Бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон кәсіпкердің ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындау саяси шешім емес екенін баса атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: