Ұлыбританияда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: pixabay
Бельгияда адам контрабандасының ірі тобына қатысы бар деп сотталған үш ер адам Ұлыбританияда қамауға алынды. Олар "тасымалдайтын мигранттарға қатыгездік көрсеткен", - деп хабарлайды Zakon.kz.
Бельгияда үш ер адам Ла-Манш арқылы мыңдаған адамды заңсыз алып өткен қылмыстық топтың мүшесі деп айыпталды.
Ұлттық қылмыс агенттігі (ҰҚА) мен Ұлыбританиялық полиция Ауғанстандық ер адамдарды тұтқынға алды.
Сондай-ақ, топ мүшелері кәмелетке толмаған мигранттарды зорлап, жыныстық қылмыстар жасаған.
Бельгиялық прокурорлар қылмыскерлер сексуалдық зорлық-зомбылықты видеоға түсіріп алып, бейнежазбаларды құрбандарды қылмыс жасауға және одан әрі жыныстық зорлық-зомбылыққа бопсалау үшін пайдаланғанын айтты.
Ирактық ерлі-зайыптылар бұған дейін Германияда кәмелетке толмағандарды құлдықта ұстаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript