Трамп Кеннедиді өлтіру ісі бойынша құжаттарды құпиясыздандырмақ
Сурет: : wikipedia
23 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп 35-ші президент Джон Кеннедиді өлтіру жайлы құжаттарды құпиясыздандыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қаңтарда Трамп өз инаугурациясы кезінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннеди мен Мартин Лютер Кингтің өлтірілуіне байланысты құжаттарды жариялайтынын хабарлаған болатын. 23 қаңтарда ол осы құжаттарды құпиясыздандыру туралы Жарлыққа қол қойды.
"Біз сондай-ақ көпшіліктің қызығушылығын тудыратын басқа мәселелерге қатысты құжаттарды жариялаймыз", – деп қосты жаңа президент.
АҚШ президенті бұл мәселелерде жұртшылық толық ашықтыққа лайық деп мәлімдеді.
Бұған дейін Трамптың Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript