Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 14:53 Фото: wikimedia
Эгей теңізінің Түркия мен Грекия шекарасындағы бөлігінде соңғы 10 күнде 938 рет жер дүмпуі тіркелген.

Олардың көпшілігі 4 балдан аспайтын ұсақ тербелістер. Дегенмен кей дүмпулер Измир қаласында сезілген.

Мамандар мұндай тербелістерден кейін жойқын жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бұдан бөлек бұл жер қозғалыстары осы маңайдағы жанартауларды да оятуы мүмкін.

Себебі теңіздің бұл бөлігінде 20-дан аса сөнген жанартау бар.

Олардың ең ірісі Санторини аралындағы жанартау оянып, атқылайтын болса, теңізде цунами болу қаупі жоғары.

1925-ші жылы дәл осындай жер дүмпулерінен соң бұл жерде жанартау атқылап, үлкен апат болған.

Қазір сейсмологтар зілзала ошақтарын зерттеп, Түркияға қандай қауіп барын нақтылап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: