Түркиялық әйел екі баласын өлтіріп, үшіншісін ауыр жарақаттады

Насилие над детьми, дети, ребенок, педофилия , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 12:23 Фото: pixabay
Түркияның астанасы Анкараның Кечиорен ауданында жаға ұстатар жайт орын алды. Серпил есімді жергілікті тұрғын жүйкесі сыр бергеннен өзінің үш баласына қадыгездік танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел 12, 10 және жеті жастағы балаларын білектерін кесіп өлтірген. Айвала кварталындағы қайғылы оқиға орнына дереу полиция мен жедел жәрдем бригадалары келді.

Өкінішке орай, жеті және он жасар балаларды құтқару мүмкін болмады. Олар дәрігерлер келгенге дейін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 12 жасар бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Әйел қамауға алынды. Істің өзге де мән-жайлары анықталуда.

Бұған дейін Америкада қызын бір тәуліктен астам уақыт бойы байлап қойған ерлі-зайыптылардың сотталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: