Ресейде екі адамды тірідей жерлеген "қылмыстық топ" ұсталды

Мусульманское кладбище, мусульманские захоронения, мусульманское захоронение, могила, могилы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 12:48 Фото: Zakon.kz
Ресейлік полицейлер Ленинград облысында екі адамды тірідей жерлеп жатқан жерінен рәсімді тоқтатып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқиға Приозер ауданының орман алқабында болған. Ер адам мен әйел "рәсімдік мереке" ұйымдастырып, оған шамамен 15 адам жиналған. Әр қатысушы тірідей жерлеу рәсіміне қатысу үшін "шаманға" 6 000–9 000 рубль (39 592–59 388 теңге шамасында) төлеген.

Полиция оқиға орнына келген кезде, олар жер астында жатқан екі қабірді тапқан – олардың ішінде ақ шүберекке оралған екі әйел болған. Ал айналасында "шаман" даңғырамен жүріп, басқа қатысушылар оттың жанында отырған.

Құқық қорғау органдары ұйымдастырушыларды әйелдерді қазып алуға мәжбүрлеген. Полиция әйелдердің жағдайының қалыпты екенін тексеріп, көз жеткізді. Ұйымдастырушыларға азаматтардың құқықтары мен жеке басына қол сұғатын ұйым құру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалу қаупі бар. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Бұған дейін АҚШ Қытаймен сауда келісіміне қол қойғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: