Лондондағы кәрізден салмағы 100 тонна болатын "майлы айсберг" табылды

Лондондағы кәрізден салмағы 100 тонна болатын "майлы айсберг" табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 13:03 Сурет: pixabay
Лондонның шығыс бөлігіндегі кәріз құбырларынан коммуналдық қызметкерлер салмағы шамамен 100 тонна болатын майлы тығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

LBC телеарнасының мәліметінше, бұл тығын негізінен ас майынан және балаларға арналған дымқыл сулықтардан құралған. Айта кетейік, ол 2017 жылы Уайтчепел ауданында табылған атышулы майлы айсбергтің "ұрпағы" саналады. Ол кезде айсбергтің ұзындығы 250 метрге, ал салмағы 130 тоннаға жеткен еді.

Ақпарға сүйенсек, жақында табылған майлы айсберг - қатып қалған майлардан, өсімдік және жануар майларынан, майлау материалдарынан және кәрізге шайылмайтын қалдықтардан құралған қатты масса. Мамандардың бағалауынша, ол шамамен 100 метрге созылып, салмағы 100 тоннаға жуықтайды.

Бұған дейін Анкара аспаны Ливия генералы мінген ұшақтың жоғалуына байланысты жабылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: