Иран Трамп пен Нетаньяхуды 500 америкалық сарбазды құрбандыққа шалғанын айтып, айыптады
Сурет: freepik
Бұл туралы ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Нетаньяхудың ақылсыздығы мен қастық мінез-құлқының салдарынан Трамп америкалықтарды Иранмен арадағы әділетсіз соғысқа тартты. Бүгін ол өз-өзіне сұрақ қойып көрсін: бірнеше күн ішінде 500-ден астам америкалық сарбаздың опат болуынан кейін "Ең алдымен Америка" деген ұранынан мән қалды ма, әлде ол "Ең алдымен Израиль" дегенге ауысты ма?", деп жазды Лариджани.
Айта кетейік, Иранның Қызыл жарты ай ұйымы 28 ақпаннан бастап АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан қайтыс болған ирандықтардың саны 940 адамға дейін өскенін мәлімдеді.
أدخل ترامب الشعب الأمريكي في حرب ظالمة مع إيران نتيجة اندفاعات نتنياهو وتصرفاته الهزلية. فليحاسب نفسه اليوم: بعد سقوط أكثر من 500 قتيل من القوات الأمريكية خلال هذه الأيام القليلة، هل ما زال الشعار «أمريكا أولاً»، أم أصبح «إسرائيل أولاً»؟ ۱/۲
— Ali Larijani | علی لاریجانی (@alilarijani_ir) March 4, 2026
Бұған дейін 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болғаны хабарланған. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.