KitKat компаниясының шоколад ұрлығына берген жауабы 20 миллион қаралым жинады
Сурет: Х/KITKAT
2026 жылғы 26 наурызда Италиядан Польшаға тасымалданып келе жатқан KitKat батончиктерінің ірі партиясы – шамамен 414 мың дана, яғни 12 тонна өнім ұрланған. Жағдайға қатысты KitKat компаниясының жауабы желіде жылдам тарап, небәрі үш сағат ішінде 20 миллион қаралым жинаған.
Компания оқиғаны салмақты түрде растады. Жарияланымда тұтынушыларға қауіп жоқ екені және жеткізілімдер қалыпты түрде жалғасып жатқанын атап өтті.
Regarding recent press coverage pic.twitter.com/Huh4EnFV2J
— KITKAT (@KITKAT) March 29, 2026
Алайда, Х желісінің қолданушылары брендтің жауабын сынға алды. Олардың пікірінше, компания дағдарысқа дүрліге жауап берудің орнына сабырлы әрі аздап ирониялы қарым-қатынасты таңдаған.
Маркетологтардың пікірінше, ұрлық оқиғасы күтпеген жерден сәтті ақпараттық жарнамаға айналған. Осылайша, компания артық әрекетсіз миллиондаған қаралымға ие болған.
Бұған дейін "Звездных войн" фильміндегі роботтың басы миллион долларға сатылғанын жазғанбыз.