Қыз анасына ренжіп, терезеден 88 мың долларды лақтырып жіберген
Фото: Zakon.kz
Мәскеуде отбасылық жанжал ірі көлемдегі валютаның жоғалуына әкелді. Анасымен жанжалдасқаннан кейін кішкентай қыз терезеден ішінде 88 мың доллар (шамамен 40 млн теңге) болған сөмкені лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 31 наурызда ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдары мәлімдеген.
"Мәскеудегі Мещан ауданында 2018 жылы туған қыз анасымен ұрысып қалып, кек алу үшін оның ішінде 88 мың доллар болған сөмкесін терезеден лақтырып жіберген", – деді агенттік сұхбатшысы.
Оның айтуынша, ақша салынған сөмкені жасөспірімдер тауып алған. Олар қаражаттың бір бөлігін өздеріне алып, қалған бөлігін өртеп жіберген.
"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін 83 мың доллар заңды иесіне қайтарылады", – деп қосты құқық қорғау органдарының өкілі.
Бұған дейін Алматыда бір миллионға жуық "доллар" өртелгені туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript